Уәлихан Бишімбаев химия-фармацевтика зауытымен танысты

510

Оңтүстікте іс-сапармен жүрген Парламент мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев Шымкент химия-фармацевтика зауытының тыныс-тіршілігімен танысты. Айта кетейік, кәсіпорын жыл сайын таблеткалар, капсулалар мен түйіршіктердің 1 миллиардқа дейінгі көлемін және 300 миллион ампуланы, антибиотиктердің 24 миллион құтышасын өндіреді.

007

Отандық фармацевтика нарығының көшбасшысының қоржынында терапияның әртүрлі саласындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фармакологиялық топқа жататын 200-ден астам дәрі-дәрмек бар. Компания Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Түркіменстан секілді бес елдің нарығына өнімдерін экспорттайды. Кәсіпорын алдағы уақытта жергілікті жерде өсетін дәрілік шөптерді де пайдаланып жаңа өнімдерді шығармақ.

Халық қалаулысы кәсіпорының ғылыми-зерттеу зертханасында да болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық аумағындағы жалғыз орталық замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда мамандар ғылыми зерттеулердің сан түрін іске асырады.