Үй жануарлары жүргінші жолағында сатылуда

Шымкентте Гагарин көшесіндегі «Жабық базар» атанып кеткен сауда орындағы жан-жануарлардың саудасына тосқауыл болмай тұр. Ол аздай, базардың сырты санитарлық талапқа сай келмейді. Осыған орай тәртіп сақшылары тұрғындардың тыныштығын бұзған базарға арнайы рейд жүргізді.

Үй жануарлары жүргінші жолағында сатылуда
Үй жануарлары жүргінші жолағында сатылуда

Наталья Осипова көптен бері «Жабық» базарда жан-жануарларды саудалаумен айналысады. Ол әр базарда, жұрттың сата алмай тастап кеткен үй жануарларын жинап алып, келесі базарға алып шығады. Осылай күнін көретін азаматша бұл сауда орнын жабуға қарсы. Айтуынша, нәпақасынан айрылатындар мен қаңғырған жануарлардың саны артатын көрінеді.

Наталья Осипова: «Іштегі жағымсыз иіс, қоқыс жәшігі өлікпен сасыиды. Олар бізге мына жерде 2-3 сағат тұрғызбай қуады. Бұған дейін «Қазбакалейторгтан орын берген еді. Ол бізге алыс, жағдай жасалмаған. «Дарханда» да саттық. кейін қуып жіберді. Мына жерде рұқсат жоқ, сатқызбайды. Ал іште орын жоқ. Енді не істейміз?»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pHQXADuHlEY[/youtube]

Қыз-қыз қайнаған сауда базар сыртына дейін шығып кеткен. Көшедегі аяқ жолдың бойында жүріп-тұру мүмкін емес. Мұнда санитарлық жағдай туралы айтуға ауыз бармайды. Ал ашықтан-ашық сатылатын үй жануарларының қоршаған ортаға тудыратын қаупі басым.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Тротуарлардың бойларына байлап қояды иттерін. Адамдарды тістеп алу мүмкін. Ешқандай қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Бізге мына базар жанындағы тұрғындардан арыз-шағымдар келіп түсіп жатыр. Арыз-шағымдар болғанда күшік, мысықтарын сатады да сата алмағандарын тастап кетіп жатады. Бұл түнімен жұрттарға тыныштық бермейді.»

Сатылым барысында қауіпсіздік шаралары сақталмайды
Сатылым барысында қауіпсіздік шаралары сақталмайды

Осындай түйткілді мәселені шешуді көздеген жауаптылар базар сыртындағы сауданы тоқтатпақ. Тұрғындардың тоқтаусыз шағымдануына себеп болған жан-жануарларды сатқызбауды көздеп отыр.