Жас гимнастшылар маусымды қорытындылады

420

Әлия Юсупованың шәкірттері биылғы маусымды қорытындылады. 2015 жылы шымкенттіктер құрлық біріншіліктерінде жүлделі болып, Олимпиада ойындарына бір қадам жақындаған болатын. Ал бұл жолғы спорт думанына ең кішкентай гимнастшылар да қатысты.

Осыдан екі жыл бұрын Ташкенттегі байрақты додада өнер көрсеткен шымкенттік жас бойжеткеннің Азия ойындарында топты жаратынын кім ойлаған. Бүгінде Оңтүстіктің көркем гимнастикасында нөмері бірінші саналатын Сабина Әшірбаева үшін 2014 жыл сәтті аяқталды. Басты жоспар орындалып, жерлесіміз Инчхондағы Азия ойындарында жүлделі болды.

Сабина бүгінде жаттығуларына қайта кірісті. Оның алдында басты мақсат тұр. Ол – әлемдік аренада ұпай жинап, Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0z_D4XJcWjc[/youtube]

Жаңа жылды Сабина жаңа бағдарламамен бастап отыр. Бір-біріне ұқсамайтын бағыттағы әуенде өнер көрсету үшін жерлесіміз күнделікті жаттығуын күшейткен.

Халықаралық жарыстарға дейін Шымкентте ел чемпионаты өтеді. Бүгінгі жоспар республикада үздік екенін кезекті рет дәлелдеп, жаңа бағдарламаны төрешілердің сынағына салу болып отыр. Содан кейін Сабина келесі шыңды бағындыруға бағыт алады.

Сарбиназ Алдабергенова