Шымкентте түн ішінде жоғалған бала Самал шағынауданынан табылды. Байтұрсынов көшесінде тұратын туыстарына қонаққа келген ата-ана перзентінен көз жазып қалыпты.
Кешкісін бала көшеде велосепед мініп, жолға шығып кеткен. Сөйтіп Арғынбеков көшесі мен № 87 мектепке қарай кетіп қалған. Біраз жол жүрген бала қайтар жолды таба алмай қалады.
Көшеде жылап тұрған баланы Самал-3 шағынауданының тұрғыны көшеде байқайды. Сөйтіп, оны үйіне ертіп әкеліп, полицияға хабар береді. Осы кезде жоғалған баланың іздестіріліп жатқаны белгілі болады.