Қартайғанда жалғыз қалған қария бақилық болды

677
Екі құрсақ көтерген Полина әжей бүгінде жалғыс қалған

Полина әжей үшін көгілдір отынға ас дайындау — арман. Күнделікті асын көк ошаққа от жағып дайындайды. Қара суға дән салып, ол ботқа болғанша қайнатады. Үйінде ауызсу да жоқ. Суды сұрап ішеді.

 Күн көріске жарап жатқан жалғыз осы ошақ
Күн көріске жарап жатқан жалғыз осы ошақ
Су қайнатып ішу үшін қалған жалғыз ыдыс
Су қайнатып ішу үшін қалған жалғыз ыдыс

Өз перзенттерінен қайыр болмаған соң 77 жастағы қария тұрмыстың бар тауқыметін өз мойнына алған. Анда-санда көрші балалар көмектесіп тұрады, соны жанына медет етеді.

Ауыз суын кесіп тастағаннан кейін, қария бөтелкесін алып көршілерінен су сұрап ішетін болған
Ауыз суын кесіп тастағаннан кейін қария бөтелкесін алып көршілерінен су сұрап ішетін болған
Пештің де істен шыққаны қашан
Пештің де істен шыққаны қашан

Забадам елдімекенінің тұрғыны Полина Евсефееваның қандай жағдайда күн көріп жатқанымен көпшілік әлеуметтік желіден таныс. Ғаламтордағы суреттерге бей-жай қарай алмаған жерлестеріміз қолынан келгенше көмек көрсетуге тырысты. Бірі нанын алып келсе, өзгелері үйін қоқыстан тазартып беріп жатыр.

Қала тұрғындары Полина әжейдің мүшкіл жағдайын ғаламтор арқылы білген
Қала тұрғындары Полина әжейдің мүшкіл жағдайын ғаламтор арқылы білген

Ринат Гафуров, қала тұрғыны: «Біз ғаламтор арқылы бұл қарияға көмек жинадық. Бей-жай қалмағандар көп болды. Күнделікті осындамыз. Үйін де жинап бердік. Бірақ, қыстың күні бұл қарияның жағдайы қала болатыны барлығымызды қынжылтып отыр. туыстары неге қол ұшын бермейді деп аң таң болдық.»

Ұл-қыздарынан естелікке қалған суреттер
Ұл-қыздарынан естелікке қалған суреттер

Кезінде медбике болып жұмыс істеген Полина Евсефеева екі құрсақ көтерген. Ұл-қызының туылған күні, сағаты, тіпті, салмағына дейін есінде. 60-жылдардан бері жолдасы екеуі бірлесе кірпішін қалаған бұл үй қаңырап бос тұр. Немерелері бар. Бірақ, Полина әжей қирап жатқан төрт қабырғаның ішінде жалғыз қалған.

Екі құрсақ көтерген Полина әжей бүгінде жалғыс қалған

Полина Евсефеева : » Өміріме өкінішпен қарамаймын. Әрине, оңай емес. Үйімді әрлеп, сырлауға күшім жетпейді. Білектен күш кеткен соң қиын екен ғой. Балаларым мен немерелерімді де кінә таға алмаймын. Өйткені, олардың да өз өмірі бар.»

Үйдің бірде бір терезесінде әйнек жоқ
Үйдің бірде бір терезесінде әйнек жоқ

Тілшілер кете салысымен Полина әжейдің күтушісі пайда болды. Ол — өзінің туған келіні. Кейуананың барлық құжаттары мен зейнетақысы да осы кісінің қолында болып шықты. Келінінің сөзіне сенсек, алжыған ананы үйіне алып кете алмайды, қашып кете беретін көрінеді.

Елена Смирнова, келіні: «Ол жалғыз емес — қос немересі бар. Біз оған жиі келіп тұрамыз. Құжаттарын мен түгелдеп, ол 30 мың теңге зейнетақы да алады. Бұл ақшаға оған азық-түлік алып келеміз. Барлығымен де қамтамасыз етеміз. Үйге алып кетсек, қашып кетеді.»

Ертеңіне әжейдің бақилық болғанын естідік. Қарияның көршілері редакцияға қайғылы хабарды жеткізді.