Қызылшаға қарсы егу қайта жалғасады

511
Фото: //vsluh.ru

Оңтүстікте қызылшаға қарсы екпе қайта жалғасатыны белгілі болды. Себебі медицина мамандары вакцинадан ешқандай кінәрат таппаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының маманы Айгүл Сапарғалиева мәлім етті. Эпидемиялық жағдайдығ алдын алу жұмыстары барысында 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдерге екпе тегін салынады.

Фото: //vsluh.ru
Фото: //vsluh.ru

Жұрттың үрейін ұшырған қызылша ауруына қарсы екпе қайта жалғасады. Бұл жолы медицина мамандары Үндістаннан әкелінетін вакцинаны толығымен тексердік дейді. Екпеден ешқандай кінәрәт табылмағандықтан, эпидемиялық жағдайды алдын алу жұмыстары қазан айынан басталатынын ресми хабарланды.

Өңір бойынша 185 000 жасөспірімге қызылшаға қарсы екпе салыну тиіс. Оның ішінде жартысынан астамы вакцинамен қамтылған. Екпеден бас тарту — әр азаматтың өз еркінде. Дегенмен, сала мамандары егу жұмыстарына қарсылық танытпауға кеңес береді. Өйткені вакцина салу — жұқпалы дертке қарсы тұратын жалғыз амал.

Дүние жүзі бойынша жыл сайын қызылша ауруына шалдыққан 120 мыңға жуық бала көз жұмады. Сондықтан қауіпті дерттің алдын алғанды жөн көрген дәрігерлер екпеден қалыс қалмауға шақыруда. Дегенмен, көпшіліктің көңілін күпті еткен вакцина әлі күнге дейін тұрғындардың қорқынышын баса қойған жоқ.

Лаура Мамырова