Үздік қолөнершілер анықталды

860

003

«Оңтүстік көркі.» Бүгін бейнелеу өнері мұражайында осындай тақырыпта қолөнер шеберлерінің байқауы өтті. Шараға өңіріміздің белгілі майталмандары жолдама алған. Олар мұнда өздерінің тұщымды туындыларымен ғана таныстырған жоқ, шеберлік- сабақтарын жүргізгендер де жетерлік.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=d22oewCE44Y[/youtube]

 

Биыл 6-рет ұйымдастырылып отырған шараға облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы ұйытқы болды. Көрмеге 10 мыңға жуық қолөнер бұйымы қойылды.

007

Сонымен, сайыстың «Ең үздік кәдесый бұйымы» аталымы бойынша бас бәйгені Түркістан қолөнер мектебінің өкілдері жеңіп алды. Ал «Ең үздік қолөнерші » марапатындағы бас жүлдені өңірімізге танымал қолөнершілер — Бейісбековтар отбасы еншіледі.