Бағаны негізсіз өсіруге жол жоқ. Доллар бағасының күрт қымбаттауы азық-түлік және өзге де тауарларға әсерін тигізбеуі тиіс. Үкіметтің тапсырмасы осындай.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=u5xMWPSbhyg[/youtube]

Елді дүрліктірген доллардың қымбаттауынан қарапайым халық жапа шекпеуі керек. Ақордадан түскен тапсырманы орындауға Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов білек сыбана кірісті. Қала басшысы шаһардағы бірнеше сауда нүктелерін аралап, бағаны бағамдап шықты.

003

 

«Айна» базарында әдетегідей қызу сауда. Базар басшылары бағаның негізсіз өсуіне жол бермейтіндерін айтып отыр. Ол үшін, тіпті, кейбір сатушыларға орын салығын төмендету жолдарын да қарастырып жатқан көрінеді.

005

Ал «Фиркан сити» сауда үйінің қожайындары отандық тауар жеткізетін мекемелермен бағаны тұрақты ұстап тұруға келісім жасап үлгеріпті. Шетелден әкелінетін өнімдер қымбаттаса да, отандық тауарлардың құны шарықтамайтынына сенімді.

002

Азық-түлік бағасының тұрақты екеніне көз жеткізген әкім мектеп формасының құнына да көңіл бөлді. «Евразия» базарындағы саудагерлер сатылымдағы киім-кешектің бағасын тұрақты ұстап тұрғанын жеткізді. Бағаның бағамына көңілі толған қала басшысы базарларды заманауи үлгіде жабдықтауды тапсырды.

Нұрлан Жаңабай