Фото: //vse.kz

Шымкентте әлеуметтік тұрмысы төмен 133 отбасына отандық телеарналарға қол жеткізу үшін «Отау ТВ» антенналары орнатылды. Бұл мақсатқа қала бюджетінен 4 млн теңге бөлініпті.

Фото: //vse.kz
Фото: //vse.kz

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары бүгін халыққа осы құрылғыларды орнатуды таныстырды. Жаңа тарату желісіне қол жеткізген отбасылардың қуаныштарында шек жоқ. Бұл жанұялардың бәрі әлеуметтік жәрдемақы алатын тұрғындардың санатына жатады.

Нұрлан Жаңабай