Қала әкімі мектептерді аралады

463

Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Қала басшысы №25 мектеп-гимназиясында, 1974 жылы пайдалануға берілген Б. Момышұлы атындағы №44 мектепте болды. Білім нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысты.

006Жоспарға сәйкес, №25 мектептегі жөндеу жұмысы 2015 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. Ал № 44 мектептегі жөндеу жұмыстары 25 тамызда аяқталуы тиіс. Әкім мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатқанына көз жеткізді.