Шымкент қаласының әкімі Ғабидулла Әбдірахымов күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Қала басшысы №25 мектеп-гимназиясында, 1974 жылы пайдалануға берілген Б. Момышұлы атындағы №44 мектепте болды. Білім нысандарындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысты.