Қажетті құжатқа үйде-ақ қол жеткізе аласыз

447

Электронды үкімет уақытты үнемдейді. Некеге тұруға өтініш беру, мекенжай анықтамасы, балабақша кезегіне тұру секілді маңызды құжаттар бір сәтте қолыңызға тиеді. Бұл үшін халықа қызмет көрсету орталығында арнайы «Каннекшн поинт» бағдарламасы жұмыс істейді. Тіпті керекті құжатты орталыққа бармай-ақ үйіңізден де алуға болады.

002

«Каннекшн поинт» бағдарламасы Оңтүстікте үлкен сұранысқа ие. Өйткені орталыққа келетіндердің көбі ұзын-сонар кезекте тұрмай-ақ өзін-өзіне қызмет ету арқылы қажетті құжаттарын алады.

«Каннекшн поинт» бағдарламасын қолдану қиын емес. Ол үшін орталықтағы терминалға жеке куәлік арқылы электронды қолтаңбаны енгізу қажет. Мұнан кейін өзіңізге қажетті құжатты лезде алуға болады. Сондай-ақ, бұл қызметтің түрін алысқа сабылмай-ақ, Egov сайтына кіріп, үйде де қолдануға мүмкіндік бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=wboDNa8f6to[/youtube]

Айта кетейік, облыс бойынша 29 секторда өзін-өзі басқару бөлімі жұмыс істейді. Оның алтауы Шымкентте орналасқан.

Лаура Мамырова