Шымкент гарнизоны әскери полициясының құрылғанына тура 18 жыл толды. Құзырлы орган өкілдері мерекелі датаны ерекше салтанатпен атап өтті.
Жиында осы салада жүріп, өз қызметін абыройлы атқарып жүрген бірқтар қызметкерлер құрмет грамотасымен марапатталды. Әскери полиция гарнизоны 1997 жылдың тамыз айында өз жұмысын бастаған болатын. Сол уақыттан бері мекеме қарулы күштер қатарында белсенді қызмет етіп келеді.
Раушанбек Хайтметов — бүгінгі мерекенің құрметті қонағы. Ардагер қарулы күштер қатарында 27 жыл бойы талмай еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Басшылық қызметте көпке үлгі көрсете білген. Бұрынғы әскери қызметкер бұл саланың қиын екендігін әлі күнге дейін мойындайды.
Раушанбек Хайтметов: «Әрине, ауыр күндер көп болды. Әсіресе, жанұяңмен қаладан-қалаға көшіп жүргенде қиын болды. Дегенмен, шыдау керек. Қазір, Құдайға шүкір, бәрі тыныш.»
Шымкенттегі әскери полиция бөлімі 1997 жылдың тамыз айында құрылған болатын. Сол уақыттан бері мекеме Қарулы күштер қатарында қызмет етіп келеді. Әскери қызметте жүріп, құқық бұзғандар гарнизон аумағындағы гаупвахтаға қамауға алынады. Мұнда офицерлер, солдаттар, тіпті, командирлер де жазасын өтейді.
Әскери полицейлер үшін адал қызмет ету — ең басты талап. Осы міндетті мүдірмей орындап жүрген бірқатар шенділерге мереке күні Құрмет грамотасы табысталды.
Лаура Мамырова