Шымкенттің маңынан мәйіт табылды. «Арғымақ» авто базарының арғы аумағындағы егістік алқабынан адам денесі жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оны әлдебіреулер «Сайрам-Астық» өндірістік кооперативіне қарасты бидай орылып алынған аумақта, үйілген сабан арасына жасырып тастаған сыңайлы.

002

Мәйіттің қарайып кеткеніне қарағанда егістік басында бір күн бойы қараусыз жатқан. Алқапта сабан жинап жүрген кооператив жұмысшылары жасы 40-45 шамасындағы азиат нәсілдес адамның денесін тауып алып, бірден полицияға хабар берген. Мәйіттің денесінде шолақ шалбарынан басқа ештеңе жоқ. Оқиға басына келген полицейлер тексеру кезінде, тіпті, құжаттар да таба алмады. Тәртіп сақшылары өлім себебі мен жеке басын анықтау үшін мәйітханаға алып кетті.