Оңтүстіктің сапалы кірпіштері шетелдік озық технологиялар бойынша дайындалады. Жаңа әдісті бірінші болып «Батсу Су арнасы» кәсіпорны өндіріске енгізіп отыр.
Өндіріс орны мемлекеттік бағдарламаның аясында шетелдің озық технологиясын жүзеге асырды. Мұнда Нидерландыдан келген білікті мамандар қызмет етуде. Жерлестеріміз жаңа бастама арқылы өнім көлемін арттыратындарына сенімді.
«Батсу су арнасы» кәсіпорны бір тәуліктің ішінде 150 мың кірпіш шығарады. Өнім көлемін ғана емес, құрылыс заттарының сапасын арттырып, жақсарту үшін «Батсу» енді Нидерландыдан келген инженер-технолгтың көмегіне жүгінді. Небәрі 2 аптаның ішінде шетелдік маман керамикалық өндіріс, құрылыс және әрлі кірпіштер дайындаудың заманауи жолын ұсынды.
Рудольф Шотман, инженер-технолог: «Мен Қазақстанда аз-кем уақыт қызмет еткенмін. Сондықтан елдің топырағын, оның құрамын жақсы білемін. Бірақ топырақ, лайдың, одан кірпіштің дайындалуы әр мемлекетте әртүрлі жолмен әзірленеді. Оңтүстік Африка мен Америкада мен өндірістің, кірпішті күйдірудің озық технологиясын меңгердім. Енді оны осында қолданудамын».
Шетелдік сарапшыны шаһарымызға арнайы шақыру жоспары жергілікті «Даму» қоры арқылы жүзеге асыпты. Мекеменің «Үлкен сеньоралар» жобасы аясында шағын және орта кәсіпкерлер бағдарламаға қатыса алады. Бұл үшін ұсыныс білдіріп, өздерінің бизнес бастамаларына шетелдік мамандардың назарын аудартуы қажет.
Майя Бердалиева, «Даму» кәсіпкерлік қорының бас менеджері: «Біз кәсіпкерлерге бар жағдайды жасап отырмыз. Мәселен, штелдік мамандардың сол елден ұшып келу жолақысын және мұндағы семинар-сабақтарының құнын біз өтеп береміз. Ал мұндай мүмкіндікке қол жеткізгісі келген кәсіпкерлер міндетті түрде бізге құжаттарын тапсырып, қатысуына болады».
Кәсіпорын кірпіштің 4 бірдей түрін күйдіруге белсене кірісіп кеткен. Заманауи технологияның қыр-сырын толық меңгерген соң, өнімнің түрлері екі есеге артатына сенімді.