Бейбіт Атамқұлов: «Игі істер жалғасады»

406

Оңтүстік өңірінде бұған дейін бастауын алған игі істер жалғасын табады. Елбасы тағайындаған өңірдің жаңа әкімі Бейбіт Атамқұлов осылай деді. Сенбі күнгі облыс активімен кездесуінде президент Оңтүстікте басымдылық уран, тоқыма және де өзге өндірістерді дамытуға берілуі тиіс деді.

Сонымен қатар дағдарыс кезеңінде халықты ауызсу, газ, сапалы электр жарығымен қамту мәселелеріне аса көңіл бөліну керек. Ал жаңа нысандардың құрылысы жағдай түзелгенде жалғасатыны тағы нақтыланды.

009

Елбасы Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімін облыс активімен өзі таныстырып, міндеттерді жүктеп кетті. Осы іс-сапарында өңірде соңғы 6 жылда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Облыстық бюджеттің көлемі 400 млрд теңгеден. Қай салада болса да ілгерілеушілік байқалады. Әсіресе ауыл шаруашылығында жеткен жетістіктер оған дәлел. Биыл да болжамдық есеп бойынша гектарына 17 центнерден 324 мың тоннадан аса өнім алынады деп күтілуде.

Көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 900 мың тонна өнім жиналмақ. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ОҚО республикада алдыңғы қатарда. Мұндай қарқын өнідіріс саласына аса қажет. Президент басым бағыт ретінде мұны тағы нақтылады.

Алда атқарылатын жұмыстар айқын. Өңір тізгіні тапсырылған жаңа басшы Бейбіт Атамқұлов артқан сенімді ақтауға тырысамын деп бақты.

Бейбіт Атамқұлов — Оңтүстік қазақстан облысына тағайындалып отырған 8-әкім. Оған артылатын үміт те үлкен. Сабақтастық жалғасса, барлық жақсы бастамалар жүзеге асып, әлеуметтің әлеуеті артады. Ең басты міндет те сол.

Шынар Оразова