Шымкентте бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеген жүздеген жерлесіміз өз таңдауларын жасады. Олар үшін 216 кәсіпорын өкілдері 2 мыңнан астам жұмыс орындарын ұсынды.

Жалпы, жыл басынан бері 400 адам әлеуметтік жұмыс орнына тұрса, тағы 4000 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Сала мамандарының айтуынша, бос жұмыс орын жәрмеңкесі жұмыссыздықты азайтуға едәуір әсер ететін көрінеді.

011

Бір қызығы, осы жолғы жәрмеңкеде мұғалімдерге сұраныс басым болды. Қаладағы алдыңғы қатарлы №8 дарынды балалар мектеп-гимназиясының өзі бастауыш сынып мұғалімдерін іздеп кепті. Мұндай жағдай №45 мектепте де кездесті.

Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу – қаладағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір жолы. Сондықтан болар, тұрақты жұмыспен қамтылғандардың саны артқан. Сала мамандары жыл басынан бері 8 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылғанын айтады. 148 азамат қайта даярлау курысынан өтіпті.

Ал бұл жолғы жәрменкенің аясында тағы да 500 азамат тұрақты жұмыс табады деп болжанып отыр.

Нұрлан Жаңабай