Шымкенттің Оңтүстік шағынауданында болған жарылысқа қатысты күдікті ұсталды. Оқиға 12 тамыз күні болған. Тұрғын үйдің есігінің алдына қойылған термикалық жарылғыш затты 11 жасар қыз басып кеткен болатын. Соның салдарынан жасөспірімнің сол аяғының табаны күйіп қалды. Алғашқы көмек көрсетілген соң бүлдіршін ауруханаға жатудан бас тартыпты.
Ал 13 тамыз күнгі жарылысқа қатысты іс қозғалып, тексеру жалғасуда. Қазір полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр. Еске салайық, бұл жолы да қақпа алдына қойылған жарылғыш заттан 1976 жылғы азамат аяғынан жарақат алды.