Дәрігерлер оқушыларға сый жасады

374

Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалиев әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек берді. «Мектепке жол» акциясы аясында халық қалаулысы 33 балғынға оқу құралын табыстап, керекті киім-кешекпен қамтыды.

014

Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Мәди Бегалив медициналық көмектен бөлек балғындарға материалдық жағынан да қол ұшын беруді міндетіне айналдырған. Жаңа оқу жылының қарсаңында халық қалаулысы 33 балаға сөмке, оқу құралдары және мектепке қажетті киімдерді сыйға тартты.

Мәди Бегалиев жедел жардем ауруханасының бас дәрігері: «Мектепке жол» акциясы басталмай жатып, 1999 жылдан бері балаларға көмектесіп келеміз. Бүгінгі көмекті аурухананың ұжымымен ұйымдастырдық.»

Сыйға кенелген әрбір балғынның қуанышында шек болмады. Енді балалар еш алаңсыз мектепке баруға дайын. Осындай мүмкіндікті сыйлаған ел ағасына алғыстары шексіз.

Нұрсейіт Амангелді: «Бүгін сыйлықтар алдық. Енді сабақты беске оқуға уәде берміз.»

Халық қалаулысы балаларға сый беріп қана қоймай, әрбірінің арманымен бөлісті. Болашақта өзі сынды дәрігер боламын деген балғындарға жауапкершіліктің ауыр екенін түсіндірді. Ал шара соңында акцияға қатысушылар естелікке суретке түсті.

Лаура Мамырова