Депутаттар мұқтаж жандарға көмек қолын созды

632

«Үмітіңді үзбе». Шымкентте осындай тақырыптағы шарапаты мол шара жалғысан тапты. Бүгін өңіріміздің бір топ депутаты шаһарымыздағы саңырау балаларға арналған №1 мектеп-интернатқа арнайы бұрылды. Білім ұясына қажетті техникалық қондырғылар мен заманауи жабдықтарды жеткізді. Жомарттық танытқан топтың айтуынша, мұқтаж балалар үшін әкелінген заттардың 10 жылдық кепілдігі бар.

№1 саңырау балаларға арналған мектеп-интернат
№1 мектеп-интернат

Мұны шетелден арнайы тапсырыспен алдырыпты. Халық қалаулылары қайырымдылық шарасы алдағы күндері өзге де балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызмет ететін мекемелерде жалғасын табады деп отыр. Айта өтейік, бүгінде саңырау балаларға арналған №1 мектеп-интернатта 202 оқушы білім алады.

Өмірзақ Мелдеханов, облыстық мәслихаттың депутаты: «Мұқтаж мекемелерден қажетті заттардың тізімін сұратып, соны өзара депутаттар бөліп алып, сұратқан дүниелерді жеткізіп жатырмыз. Өз қалтамыздан сатып алып, оларға қуаныш сыйлау — мақсатымыз. Бюджеттің қаржысына қарап қалуға болмайды, себебі қазынаның қаржысын бөлдіру үшін аз-кем уақыт керек. Алдағы уақытта қайырымдылық шарасын өткізуді жалғастырамыз. Бұл — біздің міндетіміз».