Депутаттар төсбелгі тағынды

726

Биыл барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрылғанына — 20 жыл. Осы атаулы датаға орай облыстық мәслихатта салтанатты қабылдау өтті. Ең алғашқы және үшінші шақырылым аралығындағы депутаттарға мерекелік медальдар табыс етілді.

Халық қалаулыларына «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдығы» мерекелік медалі табыс етілді. Марапатқа ие болғандардың арасында өкілетті органды басқарған және түрлі салада еңбек етуін жалғастырып жатқан ардагерлер мен  орта буын өкілдері бар.

006

Олардың бірі әлдеқашан зейнетке шықса, енді бірі әлі де еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа белсене қатысып жүр. Мерекелік медальмен марапатталғандардың арасында мәслихаттың алғашқы хатшысы Қуаныш Бөлтаевқа та бар.

Құрметке ие болған 2-шақырылымдағы облыс мәслихатының депутаты Камардин Сәрсенбеков еліміздің тәуелсіздік алған шағындағы кезең оңай болмағанын еске алды.

Халықты қолжетімді азық-түлікпен қамту мәселесінде туындаған күрделіктерді шешуге ат салысқан белсенділердің арасында ел ағасы Шалқар Әбішев те болды. Ол бюджеттегі санаулы қаржы бірінші кезекте әлеуметтік мәселенің түйінін тарқатуға жұмсалғанын айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=miFsDhaU_4c[/youtube]

Ал мақтаның өнімділігі мен сапасын арттыруда және ауыл шаруашылығы саласында тер төккен Салдар Жамалов кездесу барысында бүгінгі буын депутаттарына ағалық ақылын айтты.

Осыдан 20 жыл бұрын облыс бюджеті небәрі 9 млрд теңгеден асқан болса, бүгінде өкілетті және атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде қазына 450 млрд теңгеге толығыпты. Қомақты қаржы өңір экономикасын дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмсалып жатыр деп тарқасты жиналғандар.

Әлемдегі дағдарыс -үлкен сын. Оны еңсеру қазіргі депутаттардың міндеті деген ардагерлер оларды жаңа қонысымен құттықтады. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығын аралаған экс-депутаттар бүгінгі буынға жасалған жағдайды көріп, қуанды.

Шынар Оразова