Отандық экономиканы дамытуда инфрақұрылымды жетілдірудің маңызы зор. Шымкентте өткен семинар кеңеске жиналғандар саланы дамытудың жолдарын қарастырды. Мамандардың пікірінше, бұл ретте мемлекет пен жеке меншік арасындағы әріптестік әлі күнге жолға қойылмай келеді.
Мәселен, Батыс Европа — Батыс Қытай халықаралық дәлізін салу барысында жекеменшік нысандарды сатып алу кезінде кездескен қиындықтар аз емес. Екі жақты келісімнің болмауынан халықаралық жолдың облыс аумағын қиып өтетін кейбір бөліктері дер кезінде тапсырылмаған. Сондықтан жауаптылар ел экономикасы үшін маңызды инфрақұрылымды дамытуда ең алдымен жеке сектормен әріптестік орнатуды жетілдіру қажет деп санайды.
Бекмұрат Тәліпов, «Қазақстандық мемлекеттік жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ директоры: «Жеке меншік нысандарды сатып алу кезінде жемқорлық орын алып отыратыны жасырын емес. Бұл ретте жергілікті әкімшілік ресурстарының араласуы дұрыс емес. Мәселені мемлекет шешуі тиіс. Екі жақты келісім-шартта ортақ шарттар анық көрсетілуі тиіс.»