Қаладағы күрделі жөнделген 5 мектептегі құрылыс кесте бойынша 25 тамыз, бүгін аяқталуы тиіс болатын. Алайда №43 мектептегі жөндеу жұмысы белгіленген күні бітпеді. Оның созылуына тендердің кеш өтуі себеп болыпты. Ол аздай, жұмысшы саны да аз болған.
Ал 123 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген №65 мектептің мердігері нысанды тапсырамыз деп жанталасып жатыр. Қалай болғанда да бірінші қыркүйек — білім күніне барлық білім нысандары сақадай сай әзір болуы тиіс.