Кеңсе тауарларының құны көтеріліп кетті. Оқу жылы қарсаңындаєы бұл жағдай балаларын мектепке дайындап жатқан ата-аналардың ашу-ызасын туғызуда. Қымбатшылық, әсіресе, көпбалалы отбасыларға салмақ салуда.

001

Көпбалалы ана Айгүл Салманованың биыл 4 баласы мектепке барады. Жаңа оқу жылына әзірлікке кіріскен ол бүгін оқу құрал-жабдықтарын сатып алуға келді. Кейіпкеріміз кеңсе тауарларының бағасы соңғы бір аптада 10 пайыздан 30 пайызға дейін көтеріліп кеткенін айтады. Ал тауар құны сапасына сай емес дейді ана.

Мектеп жәрмеңкесінде оқу құралының түр-түрі сатылуда. Талғамыңызға қарай, кез-келгеніне таңдау жасай аласыз. Алайда, саудагерлер қойған бағаның екінің бірінің қалтасы көтере бермейді.

Клиенттердің пікірін саудагерлер жоққа шығара алмайды. Кәсіпкерлер бағаның қарыштауын доллар бағасының көтерілумен байланыстырады. Ал кеңсе тауарларын сататын саудагер Зылиха Ыдырысова доллар бағамының тұрақсыздануына дейін кеңсе тауарларының былтырғыдан да арзан болғанын айтады.

Оқу жылы таяғанда қалааралық бағытқа жүретін автобустардың қызметі де қымбаттайды. Әзірге жүргізушілер бағаның тұрақты екенініне сендіреді. Алайда, бұл уақытша ғана.

Осылайша азық-түліктен басталған қымбатшылық бірте-бірте өзге де тауарлар мен кейбір қызмет түрлерінің құнына әсер етіп үлгерді. Қалай дегенмен, нарықтағы бүгінгі ақуал көптің көңілін күпті етуде.

Мақпал Рысбаева