Мемлекеттің қолдауына қол жеткізу оңайламақ

281

Кәсіпкерлерге жеңілдік жасалуда. Саланы дамытуға бағытталған «Өнімділік-2020» бағдарламасы аясында қаралған мемлекеттік қолдауларға қол жеткізу оңтайландырылып отыр. Астаналық мамандар жергілікті бизнес өкілдеріне құжаттағы өзгерістерді таныстырды.

009

Мамандардың айтуынша, бағдарлама арқылы қаржылай көмекке қол жеткізгісі келетін кәсіпкерлер бұдан былай тек негізгі құжаттарды ғана жинайды. Алайда, лизингтік қаржыландыруды пайдаланған кезде қондырғы құнының шекті мөлшерінің тым жоғары болуы да кәсіпорындардың бағдарламаға қатысуын шектеп отыр.

Талап бойынша құрал-жабдықтың бағасы 150 млн теңгеден кем болмауы тиіс. Бұл шарт өзгеріссіз қалды. Дегенмен, түрлі гранттар қарастырылып, кәсіпкерлер үшін шетелмен байланыс шығындары да азайтылмақ.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4v0tWfigg18[/youtube]

Еліміздің ДСҰ-ға кіруіне байланысты әр кәсіпорынның тұрақты дамып, өнімділігін өрлету арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды. Алайда, өндіріс жаңартылмай, мамандардың білімі жетілдірілмей және тиімді бизнес-жоспар құрылмай бұл мақсаттарға жету мүмкін емес.

Әрине, мұның барлығы қаражатты қажет етеді. Ал «Өнімділік — 2020» мемлекеттік бағдарламасы бұл шығындарды азайтуға сеп болмақ.