Өңірімізде мемлекеттік сатып алуға қатысты заңсыздықтар тыйылар емес. Бұған мемлекеттік органдардың да ықпалы бар. Бұл жөнінде бүгін құқық қорғаушылар мен әкімдік өкілдері және жергілікті кәсіпкерлер қатысқан жиында айтылды.
Шара қатысушылары алдымен тендерлік комиссияны басқарған Түркістан қаласы әкімі орынбасарының қадамын талқылады. Сөздеріне сенсек, шенеунік қызметін асыра пайдаланып, тендердің қаржысын өзінің әкесіне тиесілі мекемеге аударған.
Бұған қоса прокуратура мамандары Шымкент қаласы әкімдігінің жарнамалық компаниялардың жұмысына кедергі келтіруін жасырған жоқ. Және жергілікті әкімдіктің шаһарамыздағы бірқатар сауда қатарларын бұзып тастауы да заңсыз әрекет екені анықталыпты. Енді мемлекеттік орган басшыларының тарапынан кәсіпкерлік саласына қатысты жасаған заңсыз әрекеттері мен табыстарына заңсыз қол сұғуы мәселесі заң жүзінде қаралмақ