Орталық емхана жөнделуде

215

Шымкенттегі орталық емханаға ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжатқа сәйкес, құрылыстың құны — 94 млн теңге. Әзірге мердігер аталған соманың 40 пайызын игеріпті. Шіліңгір шілдеде басталған жөндеу жұмыстары алдағы үш айда аяқталуы тиіс. Дегенмен, мердігер құрылыстың қиындап кеткенін жасырмайды.

005

 

Құрылысшылар іргетасы осыдан 30 жыл бұрын қаланған ғимараттың сылақтарын түгелімен сырып тастап, қабырғасын қайта жаңартып жатыр. Бірақ мердігер жұмыстың қиындап кеткенін жасырмайды. Өйткені емхана ғимараты көп қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан.

Соның салдарынан су және кәріз жүйесін жаңалауда қолбайлау көп. Ал жобалық-сметалық құжатта инфрақұрылымды түгелдей алмастырып шығу қарастырылмапты. Бұдан бөлек емхана нысанының хасбеті бас құжатқа сәйкес гранитті плиталармен қапталуы тиіс.

Жобалық-сметалық құжатты «Мұра-Жер» ЖШС әзірлеген. Прорабтың айтуынша, тапсырыс беруші қалалық орталық емхананың басшылығы мұндай қиындықтың туындағанынан қанық. Мердігер міндетіне мін келтірмей, тірлікті тындыруға барын салып жатыр. Бірақ инфрақұрылымның ертеңгі күні сыр бермесіне ешкім кепіл бере алмайды. Осыны ескерген құрылысшылар құжаттан кеткен қателік үшін қайта шығындалмақ.

Емхананың жоғары қабатында тұратындар құрылысты пайдаланып, жер төледегі жүйелерді жаңартып алмақ.

«Біздің үйде емханадан бөлек кафе де бар. Кәріз жүйесі бәріне ортақ. Сондықтан жүйеде ақаулар жиі орын алады. Жертөлесінде үнемі су. Құрылысшылар жақында сорғышпен суды тазалады. Өзіміз ақша жинап кәріз және су жүйесін жаңалауды жоспарлап отырмыз. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, біреу ақша берсе, біреуі бермейді. Қажетті сома жиналады ма, жоқ па, белгісіз.»

Емхананың құрылысы әзірге кестеге сай жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме нысанның күрделі жөндеуіне бөлінген 94 млн теңгенің 28 млн теңгесін игеріпті.

Шынар Оразова