Полицейлер Конституция күнін атап өтті

502

Конституцияның 20 жылдығын облыстың тәртіп сақшылары да атап өтті. Ішкі істер департаментінде өткен салтанатты іс-шарада департамент басшысы Асқар Оспанов 6 қызметкердің кеудесіне мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы» медалін тақты.

015

Бұған қоса 56 полиция қызметкері департамент бастығының бұйрығымен марапатталды. Еңбегі еленген сақшылар төсбелгілер тағынып, алғыс хат алды.

Бағлан Халықов, ОҚО ІІД кадр басқармасының басшысы: «Бүгінгі мерекелік шарада біз конституциямыздың маңызын тағы бір рет атап өттік. Осынау ұлы мерекемен барлық әріптестерімді құттықтаймын. Ауыр да абыройлы қызметте барлық полиция қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, отбасыларында амандық болсын деймін.»