Конституция күні қарсаңында прокуратура қызметкерлері де құрметке бөленді. Ата заңымыздың 20 жылдығына орай азаматтардың құқығын қорғауға елеулі үлес қосқаны үшін құзырлы орган өкілдері мерекелік медальмен марапатталды.
Сондай-ақ, бұл күні осы салада жүрген төрт маманның қызметтегі шені көтерілді. Айта кетейік, Оңтүстікте бүгінде 298 прокурор қызмет етеді. Соңғы жылдары құзырлы орган қызметкерлерінің қатарын көбіне жас кадрлар толықтырған.