Биыл Шымкенттік оқушылар оқулықтан тарықпайды. Алматыдағы алты баспадан жарыққа шыққан оқулықтарды тиген жүк көлігі жоспар бойынша қалаға келді. №87 мектептің спорт залы уақытша кітап қоймасына айналды. Түсірілген оқулықтарды қалалық білім бөлімінің мамандары әр мектептің қажетіне қарай таратып береді.
Бұл үшін жыл басынан бері арнайы жоспар құрылып, 700 млн теңгеден астам қаржы бөлінген болатын. Биылғы ерекшелік — 1-сынып бүлдіршіндеріне «Менің Отаным — Қазақстан!» атты кітап таратылады. Оны Елбасының өзі сыйға тартқан. Бүгінде өңірге жеткізілген оқулықтарды аудан-қалалардың сала мамандары бөлісіп жатыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0xQtqcnfQL8[/youtube]
Елбасы жолдаған сыйлық — 34 мың дана. Ол оқулықтың ішінен жас бүлдіршін туған елінің тарихымен толық таныса алады. Су жаңа кітаптың жиырма мың данасы шымкенттік балдырғандарға бұйырады.
Нұрлан Жаңабай