Шымкентте «Арыс жағасында» ретро-фрестивалі өтеді

366

Биыл әйгілі сазгер, вальс падишахы Ш.Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толады. Осыған орай өңірімізде «Арыс жағасында» ретро-фрестивалі жалғасын табады. Қазір өнер иесінің құрметіне ашылған» Шәмші әлемі гүлзарында» мерекелік кешке дайындық шаралары өтіп жатыр.

002

Ұйымдастыруылардың айтуынша, концерттік бағдарлама алдымен «Шәмші әлемі» гүлзарында сазргердің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Одан соң гүлзардан Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Заттыбек Көпбосынұлының шығармашылығына арналған құрмет тақтайшалары ашылмақ. 2,5 сағаттық концертте облыстық «Мәдениетім — мерейім» байқауының жеңімпаздары да марапатталады деп күтілуде.

Айта кетейік, биыл «Арыс жағасында «ретро фестивалі 6-рет өткелі отыр. Кештің өткізілуіне жергілікті әнші-сазгерлермен қатар театр өнерпаздары да жұмылдырылған. Шаһарымыздағы 4 бірдей театр ұжымының әрқайсысы сазгер шығармашылығына арнап қойылымдарын ұсынады.

Кеш қонақтары ретінде ақын Мұхтар Шаханов, сықақшы Көпен Әмірбек, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов шақырылған. Ал ретро кеш  14 тамыз күні «Шәмші әлемі» гүлзарында, сағат 20:30-да басталады.