Шенеуніктер мен журналистер де Конституция күні қарсаңында құрметке бөленді. Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойы құрметіне орай қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов мерекелік медальдарды табыстады.

Мәртебелі сыймен марапатталушылар сапында Шымкент қаласы әкімдігінің 14 бірдей қызметкері, қалалық мәслихаттың 28 депутаты бар. Еңбегі еленгендердің бесеуі БАҚ өкілдері болса, біреуі дәрігер. Ал 3 азамат «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік белгісіне ие болды.