Облыста тағы бір адам суға кетті. 23 тамызда сағат күндізгі үштер шамасында төтеншеліктерге шұғыл ақпар келіп түскен.
Хабарласушының айтуынша, Арыс қаласы Қожаторғай ауылының 1992 жылы туылған тұрғыны дарияға шомылу кезінде суға кеткен.
Оқиға орнына департаменттің іздестіру-құтқару тобының 6 маманы жетті. Іздестіру шараларының күндіз түні жүргізілгенімен, батып кеткен жігіттің денесі әлі күнге табылмай отыр