Түркістанда сауда-логистикалық орталық салынады

282

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан шаһарында сауда-логистикалық орталық салынады. Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте қала әкімі Ә.Өсербаев мәлім етті.

005

Қала басшысының хабарлауынша сауда-логистикалық орталығын салуға 20 га жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Аталған жобаға инвистиция тартылды, биыл құрылысы басталады деп күтілуде.

Негізінен аграрлы аймақ болып саналатын Түркістанның өнеркәсіп саласында да тың жобалар аз емес. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының аясында 1 млрд 630 млн теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылып, 441 жұмыс орны ашылды.

Бұдан бөлек өңірде индустриялды аймақ ашылып, онда жаңа өндіріс орындары өз жұмысын бастаған. Нәтижесінде аймақта жалпы құны 7 млрд 663 млн теңгені құрайтын 9 жобаны орналастыру мақұлданып, бес жүзден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі