Халықтың қауіпсіздігін ойлаймын деп жүріп шенеуніктер айқайдың астында қалды. Конституция көшесінің тұрғындары жаяу жүргіншілерге арналған жолдың құрылысына қарсы. Көше тарылып, өз үйімізге кіріп-шығу қиындап қалды дейді олар.

009

Зейнеткер Любовь Матасованың жанайқайын тыңдар жан болмады. Конституция көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолды салу да тоқтамады. Оған қоса жолдың жиегіндегі кедергісін биіктетіп жіберіпті.

Құрылысшылардың қазып тастаған жерінде су-газ құбырлары жатыр дейді көше тұрғындары. Ол аздай, есептегіш құрылғы орналасқан темір жәшіктер де жаяу жүргіншілер жолын жағалайды. Бұны ескергісі келмеген мердігер жұмысын тоқтатпақ емес.

Жүргіншілер жолын төсеу осы аптаның жұмасына дейін жүргізіледі. Содан кейін тағы екі айға қосымша құрылыс жалғаспақ.

Конституция көшесіндегі жүргіншілер жолының құрылысына қалалық бюджеттен 9 млн 280 мың теңге бөлініпті. Бұл қаражатқа тағы бір қосымша жолақты жүргізу көзделіп отыр.

Дегенмен, шенеуніктің бұл сөзі Конституция көшесінің тұрғындарын жұбата қоймады. Сөйтіп, бұл жолы да ортақ мәмілеге келе алмады. Енді апта аяғына жоспарланған жиында тұрғындар тағы да талап-тілегін білдірмек.

Сарбиназ Алдабергенова