Тұрақты комиссияның отырысы өтті

349

Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаттары тұрақты комиссиялардың отырысына жиналды. Олардың бірінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау, ауылды аймақтарды сумен қамтамасыз ету және энергия тасымалдағышының құны сынды мәселелер талқыланды.

002

Облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экономика және бюджеттік жоспарлау, құрылыс және кәсіпкерлік басқармаларының жетекшілері атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Депутаттар Сарыағаштықтарды ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Халық қалаулылары 2011 жылы Дербісек ауылында 117 млн теңгеге жөнделген ұңғыманың жұмыссыз тұрғанын алға тартты. Алдағы сессияда осы көтерілген өзекті мәселелерге қаражат бөлу мәселесін тағы көтеріп, шешім қабылдамақ.