Стамбулға демалысқа ұшып барған шымкентіктерге қатысты шыққан шу әлі де басылған жоқ. Туристердің туыстары көтерген дауға енді полиция араласып отыр. Аталған ахуалға байланысты тәртіп сақшыларына жиырмадан астам азамат арызданған.
Олардан бөлек туристік фирманың басшылығы да полиция көмегіне жүгініп отыр. Ішкі істер департаменті өкілінің айтуынша, азаматтардың шетелде қалып қоюына туристік агенттіктің екі қызметкерінің қатысы бар болуы мүмкін. Қазір оларға іздеу жарияланып отыр.