Велосипедке қызыққан бала адасып қалды

335

Шымкент қаласының жол-патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері адасқан кішкентай баланы ата-анасына тапсырды. 24 тамыз күні сағат кешкі 18 шамасында «102» пультіне жергілікті тұрғыны хабарласты. Ол Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан велосипед сататын дүкеннің алдында кішкентай бүлдіршіннің адасып жүргенін айтқан.

001 (2)

Сол жерге келіп жеткен тәртіп сақшылары кішкентай баланың жасы 4-те екенін, әжесімен бірге жүріп, дүкен жанындағы велосипедті көрген кезде ойнап кетіп, адасып қалғанын анықтайды.

Одан әрі тәртіп сақшылары бүлдіршінді Әл Фараби полиция бөліміне алып келіп, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға табыстайды. Бұл сәби әжесімен келе жатып, тізіліп тұрған велосипедке қызығып, сол дүкеннің алдында қалып қойыпты.

Арада 4 сағат өткен соң баланың ата-анасы полиция бөліміне келіп, перзенттерімен қауышты, полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Инспекторлар баланың ата-анасына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы орайда тәртіп сақшылары қала тұрғындарына жас балаларын қадағалап, мұқият болуды сұрайды.