Заңсыз бутиктер сүрілуде

349

Ретсіз саудамен күрес жалғасып жатыр. Бүгін Абай ауданы әкімдігінің мамандары тағы бір дүңгіршекті бұзып тастады. «Юг Сити» сауда үйінің алдындағы бұл нысанның тура осы жерден орын тепкенін қалалық сәулет бөлімі заңсыз деп таныған.

006

Айта кету керек, қазір аудан көлемінде әлі 108 заңсыз сауда нүктесі бар екен, әзірге оның тек 68-і ғана алынып тасталыпты. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204-бабына сәйкес осы күнге дейін 790 хаттама толтырылып, 1 млн теңгеден астам айыппұл салынған.