Жасыл желек жайқалып тұр

588

Шымкенттегі жасыл желек аймағын күтіп ұстау жаңа мекемеге жүктелді. Енді қала сыртындағы 2,5 мың гектар алқапқа егілген көшеттерді баптаумен «Жасыл аймақ» мемлекеттік коммуналды кәсіпорны айналысады. Мұндағы жұмысшылар жаңа бастаманы қолға алып отыр. Бұған дейін климатымызға бейімді қарағаштарды ғана баптайтын мамандар жеміс ағаштарының көшеттерін де көбейтсек дейді.

007

Бастаманың іске асуы алма ағаштарын егуден басталды. Қазір бұл көшеттер 18 гектар жерді алып жатыр. Көктемгі аязға ағаштар шыдас берді. Одан кейін аптап ыстықтан да ойдағыдай өтті. Ағаштарды күтуші бағбандар келесі жылы еңбектің жемісін көреміз деп отыр. Алла бұйыртса, жасыл аймақа келіп дем тәтті алмадан дәм тататын уақыт та алыс емес.

Бұдан бөлек биыл күзде Айкөл, Ақжар елдімекендерінің маңында да 2,5 мың гектар аумаққа қарағаштар отырғызылады. Су мәселесі біршама дұрысталған. 6 жыл бұрын егілген жасыл желекті тіршілік көзімен қамту үшін биыл 160 млн тенгеге бұрынғы төрт ұңғымаға қосымша және төрт құдық қазылды.

Бүгінгі таңда жаңа ұжым алдында тұрған басты міндет — егілген көшетерді барынша сақтап қалу. Әсіресе Оңтүстіктің аптап ыстығында көлденеңінен келетін тілсіз жау — өрттен сақтану бірінші мәселе боп тұр. Ол үшін алқаптың ең биік үш нүктесіне қарауыл бекеттері орнатылған.

Нұрлан Жаңабай