«№ 3 жылу-энергоорталығы» АҚ қарызға белшесінен батып отыр. Соңғы жылыту маусымында мекеменің пайдаланған көгілдір отын үшін берешегі 1 млрд теңгеден асып жығылады. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ басшылығының есептік жиынында мәлім болды.
Осыған дейін газ тарату мекемесіне жылу берушілер бір емес, екі рет қарызданып үлгеріпті. Оның екеуіне де кешіріммен қарап, көгілдір отынды қосқан. «№3 жылу-энергоорталық» басшылығы берешегін 10 тамызға дейін өтеп беруге уәде еткен екен. Алайда, ақша әлі есепшотқа түскен жоқ» деп отыр газ тарату мекемесінің өкілдері.