«Бекжан» сауда және ойын-сауық орталығының басшылығы қала әкімдігімен меморандумға тұрды. Келісім бойынша орталық иелері 7 мыңнан астам саудагерге тегін жұмыс орындарын беріп, азық-түлік және өзге де тауар өнімдерінің негізсіз қымбатауына жол бермеуі тиіс.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=m1LSmpf-N80[/youtube]
Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, арнайы дүңгіршектер бермек. Жалпы аумағы 82 мың шаршы метрді алып жатқан сауда орталығы бүгін салтанатты түрде ашылды. Меморандумға қол қоюға келген облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев және облыстық мәслихаттың депутатары келісім бұзылмайтынына сенімді.