Өз емханаңызды таңдаңыз. Бүгіннен бастап әр азамат өзі қалаған медициналық мекемеге тіркеуге тұра алады. Ол үшін емделушінің емханадан шығу туралы талоны мен жеке куәлігі болуы тиіс.
Ескеретін жайт — азаматтарды тіркеу уақытша тұратын мекенжайына, жұмыс істейтін мекемесіне және білім алатын оқу орнына сәйкес жүргізіледі. Жылына бір рет өткізілетін шара бір айға жалғаспақ. Осы уақыт аралығында әр емделушінің таңдауы ескерілетін болады.