Қызылшаға қарсы егу 1 қазаннан басталады

293

Биылдың 1 қазанынан Қазақстанның барлық өңірлерінде қызылшаға қарсы егу басталады. Бұл туралы астаналық мамандар тұтынушылар құқын қорғау департаментінде өткен жиында мәлімдеді.

009Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазір әлемде аталған ауруға қатысты жағдай күрделеніп тұр. Қазақстанда жыл басынан бері қызылша жұқтырған 2000 адам тіркелген, оның ішінде 251-і — Оңтүстік жұрты. Бұл — тек соңғы жеті айдың көрсеткіші.

Астаналық мамандардың айтуынша, аурудың асқынатын бірнеше түрі бар, соның аса қауіптісі — мидың қабынуы. Сондықтан ата-аналар мен ел азаматтарын екпеден бас тартпауға шақырады.

Бұл жолы медицина мамандары Үндістаннан әкелінетін вакцинаны толығымен тексердік дейді. Екпеден ешқандай кінәрәт табылмағандықтан, эпидемиялық жағдайдың алдын алу жұмыстары қазан айынан басталатынын ресми хабарлады.

Өңір бойынша 185 000 жасөспірімге қызылшаға қарсы екпе салыну тиіс. Оның басым бөлігі егіліп үлгеріпті. Дегенмен, көпшіліктің көңілін күпті еткен вакцина әлі күнге дейін тұрғындардың қорқынышын баса қойған жоқ.

Оған себеп, осы жылдың ақпан айында жасалған екпеден 15 жасар оқушы көз жұмған еді. Тағы біреуі 10 күн ес-түссіз халде жансақтау бөлімінде жатқан. Ата-аналар осыны екпенің кесірі деп шу көтерген болатын.

Гүлжан Байназарова