Облыстық аналар кеңесінің төрайымы ауысты. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған кеңесті енді «Саясаткер әйелдер» клубының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Рәшкүл Оспаналиева Жәлелқызы басқарады.
Ана мен бала мәселесін көтеріп, нәзік жандылардың әлеуетін назардан тыс қалдырмайтын кеңес 2013 жылдың сәуір айында құрылған. Биліктегі белсенді аналар көшін бұған дейін «Ынтымақ» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова бастап келген.
Тізгінді қолына алған Рәшкүл Сайлауқызы кеңестің алдағы жұмыстарын жауапкершілікпен атқаратынын жеткізді.