Қарттарым, аман-сау жүрші!

Зейнеткерлер мерекелерін атап өтті

Шымкент қалалық Еңбекші ауданының көпбалалы аналары мен мүгедектер, тыл еңбеккерлері 1-қазан – Қарттар күніне орай бас қосты. Бұл отырысты облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспаналиева ұйымдастырған. Халық қалаулысы қазыналы қарттарға арнап дастархан жайып, мерекелерімен құттықтады.

Зейнеткерлер мерекелерін атап өтті.
Зейнеткерлер арқа-жарқа болды

Мейрамханада арнайы жайылған дастарханға 200-ден астам адам жиналды. Қарттар күніне орай ұйымдастырылған бұл отырыста замандастар өзара әзілдесіп, арқа -жарқа болды.

 Тілепова Гүлзада, тыл ардагері: «Біз соғыста, қиын уақытта өмір сүргенбіз. Қазір соның жемісін көріп отырмыз. Бізді балаша қуантып отырған мына билік басындағыларға рахмет! Барлығына саулық, амандық тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!»

Мерекеде қарттарға арнап ән де айтылды, би де биленді. «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» дегендей, қариялардың жүзінен шат-күлкіні көру мен үшін үлкен қуаныш» дейді облыстық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Жәлелқызы.

 Рәшкүл Оспаналиева, облыстық мәслихаттың депутаты: «Бүгінгі күні қарияларымызды қарттар үйіне өткізіп, оларға қарамай жатқан жастарымыз қаншама?! Бізідң ата-апаларымыз ашаршылықты көріп, соғыстың тауқіметін тартып өскен. Қазіргі біздің бейбіт өміріміз осы қарттардың еңбектерінің нәтижесі деп ойлаймын. Қарияларды құрметтеу – әрқайсысымыздың парызымыз.»

Халық қалаулысы алдағы уақытта осындай игі шараларды жиі ұйымдастыру жөн болар еді деген ойын да жасырмады. Ол жиын соңында өзі басқарып отырған мекеме атынан ата-апаларға ақшалай сыйлық пен азық-түлік таратты.