Асқар Мырзахметов іс-сапарын Оңтүстіктен бастады

417

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов өзінің іс-сапарын Оңтүстіктен бастады. Партиялық қызметіне кіріскен ол алдымен жергілікті филиалдардың жұмысымен танысып алуды жөн көрген.

Партия филиалының кезектен тыс 24-конференциясына қатысқан мәслихат депутаттары мен делегат мүшелері облыстық филиалдың төрағасы етіп бірауыздан облыс әкімі Бейбіт Атамқұловты сайлап алды.

Асқар Мырзахметов іс-сапарын Оңтүстіктен бастады

 

Сондай-ақ филиалдың саяси кеңесі және бюро құрамы да жаңарды. Шара соңынан төрағаның бірінші орынбасары Алмасбек Мамытбеков филиалдың соңғы 7 айда атқарған жұмысы туралы есеп берді.

Айта кетейік, осы уақыт аралығында филиал жанында жұмыс істейтін қоғамдық қабылдауға жергілікті тұрғындардан 3 мыңға жуық арыз-шағым келіп түскен. Оның басым бөлігі коммуналдық қызметтерге қатысты дейді фракция жетекшісі.