Браконьерлер азаймай отыр

186
Браконьер

Оңтүстікте заңсыз балық аулап, оңай олжа тапқысы келетіндердің әрекетіне тыйым болмай тұр. Бұған «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік табиғи паркінің инспекторлары арнайы рейд кезінде көз жеткізді.

30 жастағы азамат заңсыз балық ауламақ болыпты. Алайда бұл ісі ұзаққа созылмады. Табиғи паркінің инспекторлары броконерьді қолға түсірді. Заң бұзған азамат жауапқа тартылғаны сол еді, бірден дөрекілік танытты.

Браконьер

Ұрлық үстінде ұсталған жігіт ағасы проблемасын көке-жәкелеріне хабарласып, жай ғана жылы жауып қойғысы келді. Бірақ, заңның аты — заң. Браконьер енді әкімішілік жауапқа тартылмақ.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Сырдария-Түркістан» табиғи паркінде жүргізілген рейд нәтижесінде 29 адамның әрекеті әшкере болыпты. Қазір айыппұлды өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мұрат Айтымбетов, «Сырдария-Түркістан» табиғи паркінің қызметкері: «Бүгінгі таңда анықталған әкімшілік іс бойынша төрт жүз мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Және алпыс мың теңгеге жуық табиғатқа келтірілген залал мөлшері есептелініп, талап-арыздар берілді. Қазір айыппұлды өндірудеміз.»

«Сырдария-Түркістан» табиғи паркі — ерекше қорғалатын аумақ. Сондықтан мұнда демалушылар қорықтағы бақылау өткізу бекетінен міндетті түрде рұқсат қағаз алауы тиіс. Заңға бағынғысы келмегендер әкімішілік жазаға тартылады.

Лаура Нақыпқызы