Облыстық опера және балет театрында ғылыми конференция өтті. Конференцияға жиналғандар халықтың денсаулығын жақсартып, адамның қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру арқылы ғұмырын ұзартуды көздейді. Елімізге белгілі терапевттер мен педиаторлар бас қосқан жиында сондай-ақ медицинаның мол мүмкіндігі мен балалар тағамы туралы кеңінен айтылды. Баяндама жасаған мамандар халыққа дұрыс тамақтану туралы кеңінен насихаттау керектігін жеткізді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ZUwzQKz7ZpU[/youtube]
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы ұйтқы болған шара ғалым Әлкен Өтепбергеновтың мерейтойына орай өткізілген. Ғылыми -тәжірибелік конференция белгілі профессор Әлкен Отепбергеновтың 80 жылдық мерейтойына арналды. Шараға Әлкен Ахметұлының көз көрген таныстары мен шәкірттері, қызметтес әріптестері жиналды. Бірегей ғалым туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. 150-ден астам ғылыми еңбек жариялап, физиология мен валеология саласын зерттеуде профессордың еңбегі оразан зор,- дейді ізінен ерген шәкірттері.
Келесі жылы Әлкен Өтепбергеновтың қазақ тілінде «Бала физиологиясы» атты кітабы жарыққа шақпақ. Ғалым бұл еңбегін Қазақстан-Ресей медицина университетінің доценті, шәкірті Мұхтар Жанқожамен бірлесіп жазған. Балалар ағзасын зерттеуге арналған еңбегі болашақ мамандар мен студенттер үшін таптырмас дүние болмақ.