Биылғы жылу беру маусымына білім мекемелері дайын. Салаға жауапты мамандар облыс әкімдігінде өткен жиында осылай есеп берді. Айтуларынша, 214 мектептегі жылу жүйелерінде сығымдау жұмыстары жүргізілген.
Дербес жылу жүйесі бар «Достық» шағынауданындағы №69 мектеп басшылығы 2015-2016 жылдарға арналған жылу беру маусымына алдын ала қамданғандарын айтады.